Өңірлер

Әділет министрлігіне әр қазақстандық заң жобасы бойынша ұсыныстарын бере алады - З.Баймолдина

Қазақстандықтар заң жобасын даярлауға белсенді араласа алады, ол үшін тек Әділет министрлігіне өз ұсыныстарын жіберсе болғаны, деп ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҚР Әділет министрінің орынбасары Зауреш Баймолдина хабарлады.
Астана қаласы21 Ақпан , 13:18

«Заңнамалық актілердің жобасы біздің мемлекеттік органдардың сайтына жарияланады. Кез-келген азамат, я болмаса кәсіпкерлік субъектісі Әділет министрлігіне өз ұсыныстары мен ескертпелерін жіберуге құқылы. Осы ретте біз барлық сын ескертпелерді қарап шығамыз», - деді З. Баймолдина.

Оның үстіне, ведомство басшысының орынбасарының айтуынша, кез-келген кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық акт жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына жіберіледі. 

«Егер, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстары мен ескертпелерін мемлекеттік орган ескермесе, онда олар өздерінің бұл қадамына жазбашы түрде түсіндіріп, негіздеуі керек.  Бұл құжаттардың барлығы заңнамаға тігіліп алдымен Үкіметке кейіннен Парламенттің қарауына кетеді», - дейді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, З. Баймолдинаның сөзіне сенсек, Әділет министрлігінің жанында Мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу кеңесі бар. Онда заңжобалары бойынша ұсыныстар қаралады.

«Тоқсанына бір рет жиналыс  өткіземіз және осы заңжобалар кеңестің отырысында қаралып, талқыланатын болады», - деп З. Баймолдина атап өтті.  




Яндекс.Метрика