Басқару

Қазақстанда қылмыстық-құқықтық саладағы бағытты өзгерту керек – З. Баймолдина

Қазақстанда қылмыстық-құқықтық саладағы бағытты өзгерту қажет. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина мәлімдеді.
Казахстан21 Ақпан , 12:50

«Былтыр, өздеріңіз білесіздер, төрт Кодекстің жобасы қарауға енгізілді: Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер. Неге олай етілді? Себебі, өмір бір орында тұрған жоқ. Олар 90-шы жылдардың аяғында қабылданған кодекстер, мысалы Қылмыстық кодекс 1997 жылы қабылданды. Содан бері біраз уақыт өтті, сондықтан да қылмыстық-құқықтық саладағы бағытты өзгерту керек», - деді вице-министр өз сөзінде.

Вице-министрдің айтуынша, басты міндет – жаңа Кодекстерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек екенін баса айтты. Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты - қылмыстық жазалау және әкімшілік жауапқа тарту саласын ізгілендіру.

 




Яндекс.Метрика