Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Қазақстандық кәсіпкерлердің жұмысын күшейту ҚР-ның ең дамыған 30 елдің қатарына ену үрдісін жеделдетеді – З.Баймолдина

Президенттің Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына ену жолы туралы Жолдауы кәсіпкерлік субъектілері мен халықтың да өз үлестерін қосқан кезде мүмкін бола түспек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Әділет министрі орынбасары Зәуреш Баймолдина мәлімдеді.
Астана қаласы21 Ақпан , 12:40

«ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған өзінің Жолдауында Қазақстанның әлемдегі алдыңғы қатарлы 30-дыққа ену жолын айқындады. Бұл тек мемлекеттік орган үшін ғана емес, барлық жеке кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік сектор негізіндегі субъектілер мен халықтың басты мақсаты болып табылады», - дейді З.Баймолдина.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 14 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында да нақты жоспарларды ұсынды.

Аталмыш мәселе бойынша Әділет министрлігіне қатысты қырын айтар болсақ, мұнда вице-министр әкімшілік процедураларды қысқарту мен рұқсттама жүйесін қайта қарау туралы айтты.




Дерекнама

Яндекс.Метрика