Халықаралық интеграция

Қазақстан Н.Назарбаев қойған міндеттемелерді міндетті түрде орындайды – профессор С.Мирқасымов

Қазақстанның 22 жыл бұрын таңдаған жолы бүгінде әлеуметтік-экономикалық салардың барлық қырында қоғамда өз жемісін беріп, бізге бауырлас Қазақстан елі Н.Назарбаев өз Жолдауында алға қойған міндеттемелерді міндетті түрде өз дәрежесінде орындайды, дейді Өзбекстан Республикасы мемлекеттік және әлеуметтік құрылыс академиясының профессоры Сурат Мирқасымов.
Әлемде22 Ақпан , 09:45

«Маған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарныда жолдаған Жолдауы ұнады. Олардың әлемдегі алдыңғы қатарлы ең дамыған 30 елдің қатарына ену туралы мақсаты кімнің болса да қызығушылығын тудырады. Менің пікірімше, Қазақстанның 22 жыл бұрын таңдаған жолы бүгінде әлеуметтік-экономикалық салардың барлық қырында қазақстанды қоғамда өз жемісін беріп, бізге бауырлас Қазақ елі Н.Назарбаев өз Жолдауында алға қойған міндеттемелерді міндетті түрде өз дәрежесінде орындайды», - дейід С.Мирқасымов.

Оның айтуынша, бірінші кезекте «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған міндеттемелердің тереңдігі мен ауқымдылығы назар аударарлық.

«Елдің дамуы бағытын айқындайтын нақты бағыттар, қазіргі кез бен болашақ үшін атқарылатын шаралар: жаңа зауыттар мен электростанциялар салу, автомобиль жолдарын салу мен жалпы транспорттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, темір жол, ауылшаруашылығын дамыту және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру», - дейді профессор.




Яндекс.Метрика