Өңірлер

Қызылорда облысында қаржы полициясы мен аймақтың Кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Қызылорда облысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аймақтық директоры Дінмұхаммед Әбсаттаров пен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі деапартаментінің бастығы Мақсат Қожабаев кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мәселелері жөнінде өзара қарым-қатынас туралы Меморандумға қол қойған.
Қызылорда 21 Ақпан, 12:05

Аймақтың кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы өз бизнес алаңында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментімен бірлескен ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мен жолын кесуге бағытталған, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ақпарат алмасу, сондай-ақ  өзге де проблемаларды талқылауға бағытталған дөңгелек үстелдер мен кездесулерді бизнес-қауымдастық өкілдерін қатыстыра отырып ұйымдастыру болып табылады.

Бірлескен іс-шаралар өңіріміздің «бизнес-климатын» одан әрі жақсартуға, кәсіпкерлердің белсенділігінің өсуіне қолайлы жағдайлар жасауға себеп болуды көздейді.

 

 





Яндекс.Метрика