Инфрақұрылымның дамуы

Ағымдағы жылы Универсиада нысандарының құрылысы басталады - А.Есімов

Алматы қаласында ағымдағы жылы сметалық құжатнама жұмысы аяқталып, енді Универсиада нысадарының құрылысы басталады.
Астана қаласы21 Ақпан , 11:50

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың хабарлауынша, 2014 жыл -  2017 жылы өтетін Универсиядаға белсенді дайындық жылы.

«Осы спорттық кеңауықымды шараның аясында 12 мың орынға арналған мұз айдыны сарайы, сыйымдылығы 3 мың көрерменді құрайтын мұз айдыны, 5 мың орынға арналған  атлетикалық ауыл салынады», - деді қала басшысы.

Оның айтуынша оған қажетті қаржы жеткілікті.

«Бұл нысандар 2016 жылы алдын-ала жарыстар өткізу үшін салынып бітуі тиіс. Бүгінгі таңдап халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып аталмыш нысандарды жарыс біткен соң тиімді пайдалану жолдары қарастырылуда.  Олар қала тұрғындары үшін қолжетімді, әрі олардың денсаулығын нығайту және бұқаралық спортты дамыту үшін септігін тигізуі керек», - деп А. Есімов атап өтті. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика