Ұлттың денсаулығы

Pfizer Алматыдағы клиникалық зерттеулер орталығын дамытуға қатысады

Фармацевтика саласындағы дүниежүзілік көшбасшысы Pfizer Алматыдағы С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университет негізінде қызмет ететін клиникалық зерттеулер орталығын дамытуға қатысады.
Алматы қаласы21 Ақпан , 11:20

«Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінде хабарлағандай,  компания екі жыл ішінде ҚазҰМУ клиникалық фармакология институтын дамытуға қаржылық және техникалық қолдау көрсетеді. Пациенттерді қабылдауға, деректерді басқаруға, зерттеулерді жоспарлауға және өткізуге оқытуды қоса алғанда, жемісті клиникалық зерттеулерді өткізу үшін қызметкерлерді оқыту жобаның маңызды элементі болады.  

Жобаны іске асыру Pfizer компаниясының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және ҚР ИЖТМ «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігімен ынтымақтастық шеңберінде өтіп жатыр.

Құрамына ДСМ және Kaznex Invest өкілдерінен басқа Назарбаев Университетінің, Ұлттық медициналық холдингтің, Өмір туралы ғылым орталығының, Астана медициналық университетінің, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК өкілдері кіретін мекемеаралық жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы әдістеме мен мамандарды дайындауды қоса алғанда Қазақстанда клиникалық зерттеулерді өткізу үшін қажет инфрақұрылымды дамыту және талдау өткізілуде.

Қазақстанда клиникалық сынақ орталықтарын бірлесіп дамыту бойынша меморандумға VI АЭФ шеңберінде 2013 жылдың мамыр айында Pfizer, ДСМ және Kaznex Invest қол қойғанын еске түсіре кеткен жөн. Оған дейін, 2012 жылдың аяғында Премьер-Министр орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Kaznex Invest ұйымдастырған АҚШ-қа роуд-шоу кезінде Pfizer басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Қазақстанға соңғы сапары кезінде фармацевтикалық компания басшылығы Қазақстан биофармацевтикалық саласын дамытуға көп тарапты қолдау көрсетуге ниет білдірді. Pfizer компаниясының вакцина және онкология бөлімінің Президенті Альберта Бурланың ықтимал сапары кезінде инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге 2014 жылдың мамырында қол қою жоспарланған.

 




Яндекс.Метрика