Өңірлер

Алматыда ағымдағы жылы 150 тұрғын үйдің құрылысы басталады

Алматыда ағымдағы жылы 150 тұррғын үйдің құрылысы басталады, ол 10 мың тұрғынды баспанамен қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы21 Ақпан , 10:20

Алматы қаласының әкімі хабарлағандай, өткен жылы қалада 832 мың шаршы метр қолданысқа берілді, оның өсімі 5,8 пайыз.

«Мемлекет еншісінен 54 тұрғын үй қолданысқа берілді. Қорытындысында, 2 200 отбасы өз пәтерлерінде қоныс тойын тойлады. Жалпы, соңғы алты жыл ішінде 100 мың тұрғынға арналған 5,7 мың шаршы метр тұрғын үй қамтылды. Осы жылдары Қазақстанның тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда көп баспана салынған болатын», - деді А. Есімов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы Алматыда бір уақытта 156 тұрғын үй құрылысы басталады.

«Бұл тағы да 10 мың тұрғынды баспанамен қамтамасыз етеді. Оған қоса, екінші жыл қатарынан ескі үйлерді сыру бағдарламасы бойынша 7 баспана тұрғызылды. Жыл соңына дейін 21 үйді салу жоспарлануда. Жалпы, 2015 жылдың соңына дейін аталмыш бағдарлама аясында тағы 62 тұрғын үй салынады демек, 3 мың отбасы баспанамен қамтылады», - деді Алматы қаласының әкімі.




Дерекнама

Яндекс.Метрика