Өңірлер

2014 жылы дизельді отынды өндіру көлемі 4,2 млн. тоннаға жуық болады - МГМ

2014 жылы дизельді отынды өндіру көлемі 4,2 млн. тоннаға жуық болады, деп ҚР МГМ Мұнай өндірісінің дамуы департаментінің мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін өндіруге мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Әлішер Арғымбаев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ағынан жарылды.
Астана қаласы 21 Ақпан, 10:05

«Мұнайды өңдеу көлемі 3 мұнай өңдеу зауытында 2014 жылы 14 млн. 650 мың тонна мұнайды құрайды. Оның ішінде 2789 мың тонна бензин, дизельді отын  - 4 млн 194 мың тонна, әуекеросин - 460 мың тонна және мазут - 2 млн 974 мың тонна болады», - деп Ә. Арғымбаев хабарлады.

Сонымен, оның айтуынша, 2013 жылдың қортытындысы бойынша отандық 3 мұнай өңдеу зауыты 14 млн. 300 мың тонна мұнайды қайта өңдеді, нәтижесінде 2,7 млн. тоннаға жуық бензин, 4 млн. тоннадан астам дизельді отын, 400 тоннадан астам әуекеросин, 3,5 млн. тоннаға жуық мазут өндірілді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-да 81, 8 млн. тонна шикі мұнай өндірілді, ол 2012 салыстырғанда 103,2% көрсетті.

Айта кетерлік жайт, МГМ болжамы бойынша 2020 жылға қарай елімізде мұнайды өндіру тәулігіне 2 млн. баррельге жуық болады. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан әлем бойынша дәлелденген мұнай қоры бар ірі ТОП-15 елдің қатарына енді, ал, көгілдір отын қоры бойынша алғашқы жиырмалыққа кірді. 





Яндекс.Метрика