Өңірлер

ШҚО әкімдігі мен AES компаниясы 600 млн теңгенің меморандумына қол қойды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен AES компаниясы 600 млн теңгенің меморандумына қол қойды.
Шығыс Қазақстан21 Ақпан , 10:00

ШҚО Ақпараттық орталығының хабарлауынша, AES компаниясы тобы мен әлеуметтік әріптестік қазірдің өзінде нәтижесін беруде. 2012 жылы олар Семей қаласындағы фермерлік шаруашылыққа қаражат құйды, балабақша салып, балалар үйінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне тұрақты түрде қол ұшын беріп келеді. Сонымен қатар, мұқтаж жандарға жекелеген көмектерді де аямақ емес.

Меморандум шарты бойынша, компания 2 жыл бойы әлеуметтік жобаларға 600 млн теңге бөлуге міндеттеледі. Соның ішінде 300 млн-ы Өскемен қаласындағы балабақша құрылысына бағытталса, 230 млн-ы Шұлба ауылындағы ғимараттардың қалыпқа келтіріліп, алдағы уақытта коммуналдық меншікке өткізілуін көздейді. Ал қалған қаражат мұқтаж жандарға арналады. Оның ішінде ардагерлер, көпбалалы отбасылар мен өзге де әлеуметтік аз қамтылған азаматтар бар.

«Біз ұйым ретінде әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік әріптестікке көп мән береміз. Мүмкіндігіміздің жеткенінше мұндай шараларға қатысуға тырысамыз. Бүгінде біз жаңа екі жоба бойынша меморандум түзуге ниет білдіріп отырмыз. Алдағы уақытта бұл шаралар өңір халқының әлеуметтік жағдайын жақсартады деген сенімдеміз», – дейді AES компаниясының Қазақстандағы ыице-президенті Әлфия Жұмаева.




Дерекнама

Яндекс.Метрика