Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2014 жылдың I тоқсанының соңына дейін Қазақстандағы МӨЗ құрылысы жүргізілетін аймақ белгілі болады - МГМ

2014 жылдың наурыз айында ҚР-дағы төртінші МӨЗ құрылысы қай жерде жүргізілетіні белгілі болады, деп ҚР МГМ Мұнай өндірісінің дамуы департаментінің мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін өндіруге мониторинг жүргізу басқармасының басшысы Әлішер Арғымбаев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында ағынан жарылды.
Астана қаласы 21 Ақпан, 09:35

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы - 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын жариялағаны баршамызға белгілі. Онда Елбасы ағымдағы тоқсанның ішінде инвестиция көзін және еліміздегі төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы қай жерде жүргізілетінін анықтауды тапсырған болатын», - деп Ә.Арғымбаев атап өтті.

Оның айтуынша, Мұнай және газ министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен, қызығушылық танытып отырған ұйымдармен бірлесіп сараптама және техникалық-экономикалық есептеулерді жүргізетін жұмыс тобы құрылды. Осы ретте аймақтардың 2050 жылға дейін даму болжамдары есепке алынады.

«Мұнда мына мәселелер қаралады - қор, яғни су, электрэнергиясы, табиға газ,  және инфрақұрылым.  Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақмерзімді жоспары да маңызды. Негізгі мұнай өнімдері - бензин, дизельді жанармай, әуекеросин және мазутты тұтыну көрсеткіштерінде қарастыру керек», - деді Ә. Арғымбаев.

Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселе аймақтағы халықтың тығыздығы және еңбек нарығын шолу болып табылады.

«Төртінші мұнай өңдеу зауытын орналастыру бойынша сараптамалық есептерді жүргізу барысында халық қалаулыларынан, қоғамдық ұйымдардан, әкімдіктерден түсіп жатқан ұсыныстардың барлығы қаралады. Барлық ұсыныстарды Мұнай және газ министрлігі және басқа да мемлекеттік органдармен, қызығушылық танытып отырған ұйымдардан ашылған жұмыс тобы олардың әрқайсысын қарап шығады», - деп Ә. Арғымбаев хабарлады.





Дерекнама

Яндекс.Метрика