Халықаралық интеграция

Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ ПА Арнаулы өкілімен кездесті

Сенат Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Қазақстан Парламенті делегациясының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Француз Республикасы Парламенті Ұлттық Ассамблеясының депутаты, ЕҚЫҰ ПА-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілі Тьерри Марианиді қабылдады.
Астана қаласы21 Ақпан , 09:15

Сенатта хабарлағандай, Т.Мариани 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы табысты төрағалық еткенін атап өтті және Парламенттік Ассамблеяның Орталық Азиямен жан-жақты ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Мейманның өтініші бойынша Қ.Тоқаев аймақтағы ахуал, сондай-ақ қазіргі замандағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Парламенттің заң шығару қызметіндегі басымдықтар туралы айтып берді. Жаһандық нарықтың бөлігі болып табылатын ел ұлттық экономиканы әртараптандыру және азаматтардың өмір сүру стандарттарын арттырудағы ұзақ мерзімді кешенді шаралар қабылдап келеді, деп атап өтті ол. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың таяу уақытта зейнетақыны, жәрдемақыны, шәкіртақыны, сондай-ақ әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту, кәсіпкерлікті қолдау, елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту жөніндегі тапсырмалары туралы айтып берді Спикер.

Қазақстан-француз қатынастарына қатысты Сенат Төрағасы екіжақты әріптестіктің стратегиялық сипатын, сондай-ақ Еуропалық Одақпен қатынастар тұрғысында жемісті ынтымақтастықты атап өтті.

Кездесуге қатысқан сенатор Георгий Ким қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу және әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері жобаларының Парламентте қаралу барысы туралы әңгімеледі.

 

 

 




Яндекс.Метрика