Инфрақұрылымды дамыту

2013 жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 806 шақырымын салып бітіріп, қозғалыстарды ашу жоспарланған

Биылғы жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің ұзындығы 806 км болатын учаскесінде қозғалыс ашылады, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
Казахстан01 Сәуір , 00:00


«Елбасының тапсырмасына сәйкес «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы 806 км жолды салып бітіріп, қозғалыстарды ашу жоспарланған», - деді А.Жұмағалиев.

Министр ағымдағы жылы жұмысқа 40 мың адам тартуды ұсынды, оның айтуынша бұл халықты жұмыспен қамтуға үлесін тигізеді. Қазіргі уақытта автожолда 700 шақырымның құрылысы аяқталған, оған 35 мың адам және 4 мың техника бірлігі тартылған болатын. 

Сонымен қатар, ол қосымша жол-құрылыс жұмыстары жаңа учаскелердің 548 шақырымында қарастырылғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық маңыздағы автомагистраль құрылысы 2009 жылы басталған. Халықаралық транизиттік дәліздің жалпы ұзындығы 8 445 шақырымды құрайды. Дәліздің Қазақстан аумағындағы ұзақтығы 2 787 км-ді құрады, олардың 2 452 км қайта жөндеуді талап етеді.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» құрылысы Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуеті, Еуразия континентінде белсенді интеграциялық үдерістер жағдайында жаңа сауда мүмкіндіктерін ашады.
 




Яндекс.Метрика