Ұлттың денсаулығы

Таразда «Денсаулық анықтамасы» атты ақпараттық онлайн-портал ашылды

Тараздың №1-ші қалалық емханасында «Денсаулық анықтамасы» атты ақпараттық онлайн-портал жұмыс істейтін болады.
Жамбыл21 Ақпан , 09:40

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, терминалдың басты мақсаты тұрғындарға жылдам әрі уақыт талабына сай медициналық ақпарат беру.Аталған бағдарлама облыстық прокуратура және денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асып отыр.

Қаламызда бірінші рет №1-ші қалалық емханасында«Денсаулық анықтамасы» атты ақпараттық онлайн портал ашылды. Бұл бағдарлама арқылы тұрғындар өздеріне қажетті медициналық ақпараттардың барлығын алатын болады.

Бұл онлайн портал арқылы тұрғындар ауруханаға жатқызу кезегін мен дәрі-дәрмектердің берілу ретін біле алады.Сонымен қатар қазіргі медицина саласында уақыт талабына сай жедел ақпарат алып, біршама уақыттарын үнемдейді.

Жақын күндері осындай терминал №5-ші калалық емханасына да қойылатын болады. Ал, алдағы уақытта ақпараттық онлайн порталдар қаламыздағы медициналық мекемелердің барлығыда жұмыс істейді деп жоспарлануда.




Яндекс.Метрика