Басқару

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен кездесу өткізді.
Астана қаласы21 Ақпан , 08:45

Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлағандай, кездесуге орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық валюта бағамына түзетулер енгізуге байланысты, кәсіпкерлік саланы дамытудың көкейкесті мәселелері талқыланды.

Кеңесте ҰКП комитеттері мен салалық қауымдастықтар басшылары сөйледі. Өткізілген диалог барысында тараптар экономиканың басым салаларында одан әрі макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша пікір алмасты.

Кездесуді қортындылай келе, Премьер-Министр кеңесте көтерілген мәселелердің өте маңызды екенін және Үкіметтің барлық ұсыныстарды мұқият қарайтынын атап көрсетті.

«Барлық мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады, оның көпшілігі бойынша біз кәсіпкерлердің Ұлттық палатасымен кеңесетін боламыз»,-деді С.Ахметов.

 




Яндекс.Метрика