Халықаралық интеграция

Н.Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Қазақстан барлық міндеттемелерді орындайтын болады – Венгрияның алғашқы ғарышкері Ф.Берталан

Н.Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Қазақстан барлық міндеттемелерді орындайтын болады, дейді Венгрияның алғашқы ғарышкері Фаркаш Берталан Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы жайлы пікірімен бөлісе келіп.
Әлемде20 Ақпан , 18:20

«Нұрсұлтан Назарбаевтың жиырма жылдан астам уақыттан бері елдің дамуындағы жан-жақты және терең сараптамасын қамтитын Жолдауымен таныса келіп, мен Қазақсанның кең көлемді реформасы мен осы бағытта атқарып жатқан жұмыстары туралы құнды мағлұматқа ие болдым», - дейді Ф.Берталан.

Оның айтуынша, 22 жыл ішінде мемлекет экономикалық қайта құрулардың арқасында үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстан мақтанышпен айтарлықтай көптеген шыңды бағындырды.

«Президент Назарбаев өз халқының игілігі үшін көрегенді қызмет атқарып келеді. Жолдауда айтылған тапсырмалар елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік мінберлерде өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен бастамаларын айтқанына барлық әлем куә болды. Ғарышкер ретінде мен Қазақстанның бүгінгі ғылыми-техникалық жетістігіне таң қаламын», - дейді Ф.Берталин.

Ғарышкердің пікірінше, Қазақстан Республикасы Президенті ел болашағына деген қамқорлықтың үлгісін көрсетуде.

«Ғылымды дамытуға үлкен маңыз бере отырып ол елдің ЖІӨ-нің 3 пайызын ғылымды қаржыландыруға бөлуді тапсырды. Менің ойымша, бұл қадам Қазақстанның дамыған елдерді қуып жетуіне, тіпті кей салаларда асып кетуіне мүмкіндік бермек. Н.Назарбаевтың көшбасшылық қасиеттерінің арқасында Қазақстан барлық міндеттемелерді орындайтын болады», - деп түйіндеді ғарышкер.




Яндекс.Метрика