Халықаралық интеграция

Әбу-Дабиде Орталық коммуникациялар қызметі мен БАӘ Ұлттық медиа кеңесі меморандумға қол қойды

Әбу-Дабиде өткен кездесулер мен келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық Медиа Кеңесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Әлемде20 Ақпан , 17:41

Әбу-Дабидегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен, Қазақстан тарапынан Меморандумға Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров, әмірлік тарапынан - БАӘ Ұлттық Медиа еңесінің директоры Ибрахим Әл Абед қол қойды.

«Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынастың негізінде, тараптар екі елдің ақпараттық кеңістігінде жалпы адамзаттық, мемлекеттік және патриоттық құндылықтарды, ұлттық бірлікті, рухани-адамгершілік құндылықтарға деген құрметті, салауатты өмір салтты, ашықтық пен толеранттылықты қолдау жөніндегі жан-жақты өзара іс-шаралар мен халықаралық байланыстарды нығайту жөніндегі түбегейлі келісімге қол жеткізіп отыр», - деп Орталық коммуникациялар қызметінде  хабарлады.

Орталық коммуникациялар қызметі мен Ұлттық Медиа Кеңесі тақырыптық іс-шаралар, семинарлар мен курстар, бірлескен зерттеулер ұйымдастырады және екі жақ та мүдделі ақпараттық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Айта кетейік, Ұлттық Медиа Кеңесі (National Media Council, NMC) Біріккен Араб Әмірліктерінің ақпарат саласында жалпы жетекшілік ететін федералдық орган болып табылады.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика