Өңірлер

«Мәңгілік ел» - ақиқатқа айналған арман – Камила Базарбек , оқушы

«Мәңгілік ел» - ақиқатқа айналған арман, бұл пікірді Астанадағы Зияткерлік мектебінің оқушысы Камила Базарбек Strategy.2050.kz ақпараттық агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында айтты.
Астана қаласы 20 Ақпан, 16:47

««Мәңгілік ел» дегеніміз – болашағы бір, мақсаты бір, арманы бір, достықта тату-тәтті өмір сүріп жатқан халқы бар, экономикасы тұрақты дамып келе жатқан тәуелсіз ел»,  - дейді Камила Базарбек.

«Бұндай елге жету біздің ата-бабаларымыздың ежелден бергі арманы еді. Он бесінші ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хан Қазақ хандығын құрды. Бұл бабаларымыз да мәңгілік қазақ елін құруды мақсат еткен», - деді К. Базарбек.

Сондай-ақ, ол  арман – тұрмысы бақуаты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу екендігін атап өтті. «Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық».

«Енді біз осы мәңгілік елдің перзенті ретінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мәңгілік қазақ елінің еңбек етуге дайынбыз», - деді ол.





Яндекс.Метрика