ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

«WikiBilim» жетекшісі қазақ тілі туралы: Википедиядағы 25 орын қазақ тілді контенттің белсенділігін көрсетеді

«WikiBilim» қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы қазақ тілінің Википедияда 25 орыннан табылуының маңыздылығын айтты.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

«Әлемде 6 мыңнан аса тілдер бар екені белгілі. Дегенмен жыл сайын белсенді қолданыстағы тілдердің қатары азайып, жойылып келеді. Бұл негізінен «краудсорсинг» технологиясына негізделген жаһандық көптілділік платформасының дамуынан, яғни контент құруға сол тілде сөйлейтін азаматтардың белсенді қатысуынан анық байқалады», дейді Рауан Кенжеханұлы. 

Оның сөзіне қарағанда, Википедия осындай платформалардың бірі. Онлайн энциклопедияда 285 тіл қамтылған. 

«Аталған ресурсты ашып, тілдер рейтингі бөлімін қарасаңыздар алғашқы орында ағылшын тілінің тұрғанын көруге болады. 4 миллоннан аса мақала осы тілде жазылған. Ал соңғы орында канури деп аталатын африкалық диалект, бұл тілдегі мақаланың саны біреу-ақ. Біз болсақ 200 мыңнан аса мақаламен араб (24 орын) және түрік (26 орын) тілдерімен қатар тұрмыз. Осыдан жарты жыл бұрын қазақ тілі небәрі 127 орында болатын. Туған тілінің дамуын құптайтын әрбір азамат біздің осы жетістігіміз бен қуанышымызды бөліседі деп ойлаймын», деп қорытындылады ол. 

Естеріңізге саламыз, «Қазақша Википедиа» жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтың қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Жоба 2011 жылдың маусымында қолға алынған. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша «Қазақша Википедиа» жобасы Жыл Википедиясы деп танылды (жыл ішінде мақалалар көлемі мен белсенді редакторлар санының артуы бойынша).

Аталған жобаның мақсаты-Википедия жаһандық энциклопедиясында қазақ тілін дамыту болып табылады. Энциклопедия мақалаларын редакторлық жасайтын қолданушылар өздері жазады.




Яндекс.Метрика