Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қазақстан, Ресей және Беларусьтің Кедендік қызметтері КО аясындағы ынтымақтастықты талқылады

Новополоцк қаласында (Беларусь Республикасы) Кеден одағына мүше мемлекеттер Кеден қызметтері Бірлескен алқасының X-шы отырысы болды.
Әлемде20 Ақпан , 16:30

Қаржы министрлігі, Кедендік бақылау комитетінде хабарлағандай, отырысқа Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы кеден қызметтерінің басшылары, сондай-ақ Қырғыз Республикасы, Армения Республикасы және Украина кеден қызметтері делегацияларының қадағалаушылары қатысты.

Тараптар мәселелердің кең шеңберін, оның ішінде тауарларды жіктеуге, тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыруға байланысты, сондай-ақ интернет-дүкендерінде сатып алынған тауарлар бойынша кедендік операцияларды жасау мәселелерін және басқаларды талқылады.

Қаралған мәселелер өзекті және олар бойынша қабылданған шешімдер Кеден одағының аумағында кедендік әкімшілендіру шеңберінде бірлескен қызметті оңтайландыруға бағытталған.

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Ғұсман Әмрин бүгінгі күні Беларусь, Қазақстан және Ресей кеден қызметтерінің ынтымақтастығы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылауды жүзеге асыру және кедендік формальдықтарды барынша оңайлату жолымен бизнестің дамуына ықпал ету бойынша міндеттерді жеткілікті түрде едәуір сәтті шешуге мүмкіндік беретінін, сондай-ақ Кеден одағының шеңберінде бірыңғай кеден саясатын нығайтуға және дамытуға тұтас бағытталғанын атап өтті.   

Сапар шеңберінде Қазақстан Республикасының делегациясы шекараның беларусь-литва учаскесінде орналасқан Ошмян кеденінің «Каменный лог» өткізу пунктіне барды, онда кеденнің инфрақұрылымымен, кедендік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерінің жүргізу технологиясымен танысты.

Аталған өткізу пунктінің күн сайынғы өткізу қабілеті 3 мыңға дейін жүк және жеңіл көлік құралдарын және 60-қа дейін жолаушы автобусын құрайды.

Сондай-ақ сапар шеңберінде Минск қаласының маңында орналасқан «Минск-Белтаможсервис»-2 көліктік-логистикалық орталығына бару орын алды.

Көліктік-логистикалық орталығы көліктік, қоймалық, экспедиторлық, ақпараттық қызмет, кеден өкілі қызметін, кедендік төлемдер мен салықтарды төленуін қамтамсыз ету, электрондық декларациялау, КО кеден органдарына электрондық алдын-ала ақпараттандыру Еуроодақ кеден органдарына алдын-ала хабарландыру және кедендік экспедитор кепілдігін ұсыну және басқа қызметтерді ұсынады.

Қатысушылар кедендік процесстерді жетілдіру мәселелерін талқылауға бағытталған осындай отырыстардың уақытылы және қажетті екенін,  сондай-ақ Беларусь Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің басшысы Александр Шпилевскийге іс-шараның жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына және қонақжайлылық көрсеткендеріне алғыстарын білдірді.

 

                                               




Яндекс.Метрика