Білім беру

БҒМ шетелдік мұрағаттарды зерттеуге баратын тарихшы ғалымдардың тізімін дайындады

Білім және ғылым министрлігі қазақстандық ғалымдардың шетелдік мұрағаттарға баруының күнтізбелік жоспарын дайындады.
Астана қаласы20 Ақпан , 16:20

Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа мұрағат материалдарының анықталуы бойынша зерттеулерді жалғастыру мақсатында «Халық тарих толқынында» бағдарламасы іс-шараларының аясында қазақстандық ғалымдардың 2014 жылы шетел мемлекеттеріндегі мұрағат орталықтарға, қорларға баруының күнтізбелік жоспары әзірленді.

Бірқатар мемлекеттердегі ұлттық мұрағаттар, кітапхаланар, мұражайлар мен қорларда сақталған Қазақстанның көне, ортағасырлық және жаңа кезеңдегі тарихы мен мәдениеті бойынша материалдарды, жазбадеректерді, артефектілерді, фото және картографиялық материалдарды іздеу, анықтау, жинастыру, көшірмесін алу және ғылыми әдебиеттерді жинастыру күтіледі.   

Күнтізбелік жоспарға сәйкес мұрағаттардан материал әкелумен айналысатын тарихшылар тізімі анықталды.

Тізімге Х.М. Әбжанов, М.Қ. Әбусейітова, Г.М. Әбікова, Н. Базылхан, Ә. Дербісәлі, Б. Еженханұлы, Л.Ғ. Ерекешева, Ғ.А. Қамбарбекова, Ә.С. Мансұрова, Д.Е. Медерова,             Қ.Т. Жұмағұлов, А.Ш. Нұрманова, Ж. Ошан, Н.Ә. Атығаев, А.П. Ермұхамедова, А.Ә. Жүнісбаев, Г.Н. Ксенжик, С.К. Рүстемов, Ө.О. Тұяқбаев,                        Ж.Ү. Қыдыралина, Ғ.М. Қарасаев, А.Ж. Ғабдуллина, М.Л. Анафинова,          К.М. Ілиясова тарихшы ғалымдар енгізілді.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика