Өңірлер

Қоғамға пайдалы бола білу біз үшін маңызды – Г.Сражова, мүгедектерді қолдау қоғамдық ұйымының атқарушы директоры

Қоғамға пайдалы бола білу біз үшін маңызды, бұл туралы Гүлмирам Сражова, «Ақтөбе қаласы мүмкіндігі шектеулі азаматтарын қолдау орталығы» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры мәлімдеді.
Ақтөбе 20 Ақпан, 15:56

««Қазақстанда жарты миллионнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Бұл азаматтар үшін Қазақстан еркін, кедергісіз аймаққа айналуы керек» - деп Н.Ә. Назарбаев үкімет пен жергілікті әкімдерді бұл іспен айналысуға шақырды. Біздің қоғамдық ұйым өзінің алғаш құрылған күнінен бастап, мүгедектер үшін еркін орта құру қажеттігін айтып келеді. Мүгедектер арбасымен жүретін, естімейтін немесе көру қабілеті нашар адам болса да бұл азаматтар қала көшелерінде жүріп, мәдениет үйлері мен стадиондарға барып, қоғамдық көлікті пайдалануға болатынын біліп, өздерін еркін ұстауы керек», - деді Г. Сражова.

 Елбасымыз бұл тақырыпты бірінші рет қозғап отырмағандығын және жергілікті атқарушы билік тарапынан да өзімізге деген ерекше қамқорлықты байқайқағандығын атап өтті ол.

«Кімнің болса да мемлекет мойнында отырған, тоғышар, жалқау болғысы келмейді. Қоғамға пайдалы бола білу біз үшін маңызды. Бұл үшін бізге Ұлт Көшбасшысы айтқандай жобалар керек», - деді ол.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика