Өңірлер

ДСМ Меморандумда көрсетілген дәрілік құралдарға бағаны көтеруге рұқсат бергені жөніндегі ақпаратты теріске шығарды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Меморандумда көрсетілген дәрілік құралдарға бағаны көтеруге рұқсат бергені жөнінде ақпаратты жоққа шығарады және жалған ақпарат таратқандар туралы тиісті органдарға хабарласады.
Астана қаласы20 Ақпан , 15:39

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде дәрілік құралдарға бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, шұғыл шаралар қабылдауда.

 2014 жылғы 13 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар кәсіби қауымдастықтармен: «Фармқызметті қолдау және дамыту қауымдастығы»; «Қазақстанның ФармМедИндустриясы» қауымдастығы; Фармацевтикалық өнімдер дистрибьюторлары, Фармацевтикалық фирмалар өкілдіктері және «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» заңды тұлғалар бірлестігімен дәрілік құралдарға бағаны ұстап тұру туралы Меморандумға қол қойды.

 Меморандумға қол қоюдағы мақсат – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмеген, әлеуметтік осал және аз қамтылған тұрғындар жиі қолданатын 224 түрлі  дәрі бағасын 2014 жылғы 10 ақпанда болған күйінде сақтау болды. Меморандумға кірген дәрілер тізімін ұлғайту да қарастырылған.  

Министрлік алдыңғы жылдары да дәрілік құралдарға бағаны ұстап тұру туралы меморандумдарға қол қойғандықтан, мұндай тәжірибеге ие.

Меморандум барлық өңірлерге жіберілді.

Министрлік  әлеуметтік осал топтар барынша жиі қолданатын дәрілік құралдарға бағаны көтеру фактілерін елеу жөнінде штаб құрды, телефоны: 8-7172-74-31-28. Сондай-ақ, Дәрілік ақпарат орталығының шұғыл желісі (8800 080 88 87) тәулік бойы жұмыс істейді.

 Жекеленген оқиғалар байқалды, атап айтқанда, 2014 жылғы 19 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында кейбір дәрілерге бағаны көтеру оқиғалары орын алып, жергілікті атқарушы органдармен бірге тиісті шаралар қабылданды. 

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Меморандумда көрсетілген дәрілерге бағаны көтеру фактілері анықталған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефондарға хабарласуды сұрайды. 

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік құралдарға бағаны көтеруге рұқсат берді» деген сипаттағы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.

Осыған орай, Министрлік жалған ақпарат таратқандарға қатысты тиісті органдарға хабарласуды қарастырады.

 




Яндекс.Метрика