Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан халықаралық рейтингте алты индикатор бойынша көрсеткішін жақсартты

2013 жылы Қазақстан халықаралық рейтингте алты индикатор көрсеткішін жақсартты, деп бүгін ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Берік Имашев мәлімдеді.
Астана қаласы20 Ақпан , 15:25

«2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан халықаралық рейтингте алты индикатор көрсеткішін жақсартты. Бұл Дүниежүзілік экономикалық форум бәсекеге қабілеттілігінің жаһандық индексінің 5 көрсеткіші мен Дүниежүзілік банктің Doing business рейтингісі бойынша 1 көрсеткіш», - деді Б.Имашев.

Тарқатып айтар болсақ, ЖБИ рейтингі бойынша азаматтық жанжалды реттеу бойынша құқықтық шеңбер тиімділігінде 13 орын ілгерілеп, меншік құқына байланысты 8 орын жоғары жылжып, мемлекеттік органдар шешімінінің ашықтығы жағынан 1 орын көтеріліппіз. Сонымен қатар, Doing business рейтингінде меншікті тіркеу бойынша 9 пункт алға жылжыдық.




Дерекнама

Яндекс.Метрика