Инфрақұрылымның дамуы

Атырау облысында инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бойынша бірқатар нысан салынады

Ағымдағы жылы Инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Атырау облысында 1 автостанция, жолаушыларға қызмет көрсететін 6 пункті және 67 такси тұрағының құрылысы жоспарланған.
Атырау20 Ақпан , 15:30

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев республикалық ақпараттық-насихаттық тобының (РАНТ) жетекшісі ретінде Атырау облысына барған сапар барысында хабардар етті.

Облыс активімен кездесу кезінде Асқар Жұмағалиев Жолдаудың негізгі  қағидалары және Мемлекет басшысының үкіметке берген тапсырмалары жөнінде айтып өтті.  

Сонымен бірге министр мемлекет басшысының  республикамыздың транзиттік әлеуетін дамытуға байланысты тапсырмаларына баса назар аударды. Министрлік басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, халықаралық сауда жасау барысында жеткізілім тізбегінің тиімділігін арттыруға және қазіргі заманғы логистика және дистрибуция орталықтарын дамытуда әкімшілік тосқауылдарды жоюға бағытталған шаралар кешенін әзірлеп жатқандығын атап өтті.

Оның айтуынша, жүк тасымалдауда талап етілетін құжаттар санын қысқарту, электрондық құжат айналымын енгізу және бақылау органдары мен тасымалдау үдерісіне қатысушылардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру және шекара өтпелерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне баса назар аударылатын болады.

Сонымен бірге Асқар Жұмағалиев ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысы бекіткен Көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған шаралар туралы айтты. «Бағдарлама елімізге де және жеке Атырау облысына да оң ықпал жасайтын болады: аймақта қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымы қалыптастырылып, көлік қызметінің сапасы артады, жаңа жұмыс орындары пайда болады» деп, атап өтті министр. 

Айталық, Атырау облысында аталған Бағдарламаны іске асыру жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 160 км республикалық жолдарды күрделі және орташа жөндеуден,  жолаушыларға қызмет көрсету 6 пунктін және аудан орталықтары мен селода (ауылдарда) 67 такси тұрақтарын және теміржол вокзалдарын  жөндеуден өткізу жоспарланған

Айта кетейік, 2013 жылы облыста 3 теміржол вокзалында, атап айтқанда Кеңбай, Жантерек және Бақсай станцияларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін еске саламыз.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика