Өңірлер

ҚР ӨДМ моноқалалардағы кәсіпкерлерді несиелендіру үшін арнайы құрал шығаруды жоспарлауда - С.Жұманғарин

ҚР Өңірлік даму министрлігі моноқалалардағы кәсіпкерлерді микронесиелеу үшін арнайы құрал шығармақшы. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин мәлім етті.
Астана қаласы20 Ақпан , 15:15

«Кәсіпкерлерді қолдау және БЖК бойынша қаржы құралдарының қолжетімсіз болуы, кәсіпкердің алғашқы капиталының болмауымен, кепілге қойылатын меншіктің өтімділігінің төмен болуымен және екінші деңгейдегі банктердің аудандарға барғысы келмейтінгімен түсіндіріледі», - деп  С. Жұманғарин атап өтті.

Сонымен, оның айтуынша, осы мақсаттағы мәселелерді шешу үшін министрлік БЖК бағдарламасына енгізілген өзгертулер аясында моноқалалар мен шағын қалалардағы кәсіпкерлерді микронесиелендіретін құралды шығармақшы.

«Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп заңнамадағы  кәсіпкерлікті дамытуға кедергісін тигізіп отырған анықтау және алып тастау нормаларын айшықтау үшін тексеріс жүргізілді.  Нәтижесінде, жақын арада Парламенттің қарауына  «Рұқсат беру және ескерту туралы» заңжобасы беріледі.  Бұл заң 2013 жылы барлық рұқсат берулерді түгендеу негізінде  рұқсат беру жүйесін реформалау аясында жасақталған», - деп ол баса айтты.

Осы заңмен бірге кәсіпкерлердің жұмысына кедергісін тигізетін жаңа рұқсат берулерге тосқауыл қойылады. 

Заң қабылданғаннан кейін мемлекеттік органдар өз бетінше өзгертулер енгізе алмайды.

Жалпы заңжобасы бойынша 752 құжат бекітілсе, оның 717 рұқсат беру болып табылады, ал, 35 ескерту. 




Яндекс.Метрика