Өңірлер

«Жергілікті соғыс ардагерлерінің бауырластығы» қоғамдық қорының құрылтайшысы Г. Галеев: Н. Назарбаев - бар қызметтің жетекшісі

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев - бар қызметтің жетекшісі, бұл туралы «Жергілікті соғыс ардагерлерінің бауырластығы» қоғамдық қорының құрылтайшысы Гумер Галеев айтты.
Ақтөбе 20 Ақпан, 14:23

«Осы жолғы Жолдау - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегенділігінің кезекті көрсеткіші. Шынында да, жылдан-жылға дамудың нақты қадамдарын жасау арқылы біз тәуелсіздіктің жиырма екі жылы ішінде Қазақстан азаматтарының түсінігінде: азаматтық жауапкершілік, толерантты ойлау және т.б. түсініктердің пайда болғанын көріп отырмыз», - деді Г. Галеев.

Сондай-ақ, ол Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі бұл мүгедектерге деген қамқорлық екендігін айтты.

«Себебі біздің қоғамдық бірлестіктің негізгі жұмысы көбіне осы азаматтар санатымен байланысты. Көптеген мүгедектер еңбек етуге қабілетті адамдар, алайда кейбір шектеулері болғандықтан олардан жұмыс берушілер бас тартып жатады. Соған қарағанда, бұл әділетсіздікті мемлекеттік деңгейде шешу керек», - деді ол.

«Біздің барлық әлеуметтік институттарымызға, үкіметтік емес ұйымдарымызға, «Нұр Отан» партиясына бұл жұмысты қолға алу керек» деген Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл сөздері біздің іске кірісуіміз үшін негіз болып табылады», - деді Г. Галеев.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика