Басқару

Қазақстандық құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысын төлеу түрі өзгереді - Әділет министрлігі

Қорғаушылар жалақысын сот процесіне қатысы жоқ органдардан алатын болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінде өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшасы Берік Имашев хабарлады.
Астана қаласы 20 Ақпан, 13:20

«2013 жылы 3 маусымда ҚР Президенті мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегі туралы  заңға қол қойды. Ол өзара заңнамалық саланы және тұрғындарға жедел көмектесуді жүйелендірді.  Жаңа заңда қылмыстық құқық қорғау органдарынан қызметі барысында берілетін қорғаушылармен қамтамасыз ету жүйесі толығымен өзгертілді. Сонымен, осыған дейін қорғаушылар жалақысын құқыққорғау органдарынан алатын болған және тергеушіге тәуелді еді. Енді жаңа заң қабылданған соң, олар жалақысын сот жүйесіне қатысы жоқ органнан алатын болады. Осылайша сот процесіндегі бәсекелестікті көтеруге және сот процесінің өнімділігін артыруға мүмкіндік туады», - деді Б.Имашев.

Осыған байланысты, ведомство басшысы Заңнамалық институтқа тіркеу қызметі комитетімен бірлесіп ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жаңа қосымшаға  ғылыми-тәжірибелік түсіндірме дайындауды тапсырды.

Жалпы, министрдің айтуынша, Қазақстанның аумағында 16 қорғаушылар коллегиясы жұмыс істейді, онда 4 мың 341 қорғаушы бар. Тұрғындарды қорғаушылар қызметімен қамтамасыз ету 100 % құрайды.





Дерекнама

Яндекс.Метрика