Халықаралық интеграция

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Бакуге келді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласына келді.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:50

Мәжілісте хабарлағандай, спикер екі күндік жұмыс сапары барысында Әзірбайжан Милли Меджилисінің төрағасы  Октай Асадовпен кездесіп, алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқыламақ.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Әзірбайжан Милли Меджилисінің арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою жоспарланып отыр.   

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің Баку мемлекеттік университеті оқытушыларымен және студенттерімен кездесуі межеленген.

 




Яндекс.Метрика