Өңірлер

2013 жылы Әділет министрлігі 8 млн-дай электрондық қызмет көрсетті – Б.Имашев

2013 жылы Әділет министрлігі тарапынан 8 млн-дай электрондық қызмет көрсетілді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Берік Имашев мәлімдеді.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:46

«Бәріңізге де белгілі, бүгінде Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтің 42 пайызын көрсетіп жатқан маңызды мемлекттік органдардың бірі болып табылады. 2013 жылы ведомство 11 млн қызмет көрсеткен, бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 28%-ға артық. Солардың ішінде 78%-ы немесе 8 млн-дай қызмет электронды түрде көрсетілді», - дейді Б.Имашев.

Оның айтуынша, автоматтандыру мемлекеттік қызмет көрсету уақытын үнемдеп, қағаз құжат айналымын қысқартуға жол ашқан.

Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеу саласында электрондық қызмет өсімі 2012 жылғыға қарағанда 90%-ға артық.

«Бұл 2013 жылдың қаңтар айынан бастап шағын кәсіпкерлікті ашу тәртібі, сонымен қатар құжаттардың коммерциялық тіркеу кезіндегі тексерістің қысқаруы мемлекттік алым төлемі туралы түбіртек пен өтініш беруді шектеді. Қабылданған шаралар кәсіпкерлік белсенділікті арттырудағы механизмнің дамуында маңыздықадам болмақ», - дейді министр.

Жылжымайтын мүлікке тіркеу құқы саласына келер болсақ, мұнда, министрдің айтуныша, электронды қызметтердің 31%-ға артқаны байқалады.

Сонымен қатар, азаматтық жағдай туралы актіні тіркеу саласында да электронды қызмет көрсету 2012 жылғымен салыстырғанда 87% өскен.




Яндекс.Метрика