Білім беру

ҚР-ның ХҚКО-нда мектеп аттестаты мен білімі туралы дипломның телнұсқалары беріледі

ҚР-ның ХҚКО-нда енді мектеп аттестаты мен білімі туралы дипломның телнұсқаларын алуға болады.
Астана қаласы20 Ақпан , 12:30

Көліккомминде хабарлағандай, бұл қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мен оңтайландырудан кейін енді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта білімі туралы аттестаттардың телнұсқаларын алу үшін азаматтың жеке куәлігі мен табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтама  ғана керек.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы қызметтерді енгізгеннен кейін білім ұйымдарына бару қажеттілігі жойылды, бұл орайда кез келген ХҚКО-ға барып, өтінім берудің өзі жеткілікті. Оның үстіне бұл қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттардың тізімі оңтайландырудан кейін екі есеге қысқарды» - деп атап өтті ХҚКО қызметтерін автоматтандыру және ұйымдастыру жөніндегі бас директордың орынбасары Балташева Асемгүл.

Айтпақшы, бұрын диплом мен аттестаттың телнұсқасын алу үшін газеттен жоғалғандығы туралы үзіндіні, туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтаманы ұсыну, сондай-ақ жоғалу жағдайының толық сипаттамасы берілген өтінішті жазу талап етілген.

Бұл қызметті ХҚКО-нда Қазақстан Республикасының адамдары, сондай-ақ Қазақстан аймағында тұрғылықты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар және  ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары пайдалана алады. Аттестаттың телнұсқасын күнтізбелік 10 күн ішінде, ал техникалық және кәсіби білімі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқасын сәйкесінше 10 және 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика