Өңірлер

2013 жылы өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша 4 мың кәсіпкерлік тексерілді– ҚР ИЖТМ

ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитеті тарапынан 2013 жылы өнім сапасы бойынша тиімді жұмыс пәні 4 мыңдай кәсіпкерлікке жүргізілді, дейді ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев Strategy2050.kzагенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 20 Ақпан, 12:13

«Айта кету керек, соңғы жарты жылда тіркеу туралы 22 аттестатты тоқтатып тастадық. Алғаш рет біз бұндай қадамға барып отырмыз. Сертификаттау бойынша бір орган мүлде жабылды және қылмыстық іс қозғалды. Біз бірқатар отандық өнімнің экспортына шектеу қойдық. Бірқатар елдерден тасымалданатын сапасыз көліктерді алуға да тыйым салдық. Сонымен қатар, сапасыз аккумуляторды батарея мен өзге де сапасыз тауар түрлерін шекараға кіргізуді тыйдық. Яғни, біздің тұтынушылардың құқын қорғау үшін біз осындай заңнамаға барып отырмыз», - дейді Б.Қанешев.

Оның айтуынша, 2013 жылы өнім сапасы бойынша тиімді жұмыс пәні 4 мыңдай кәсіпкерлікке жүргізілген.

«Заң бұзушылық әрекеттердің көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Алайда халықтың денсаулығына тікелей зиянын тигізетін болмашы зарбаптардың көлемі жоққа тән. Сол себепті біз ірі өндірістермен жұмыс істейміз», - дейді Б.Қанешев.

Б.Қанешевтің айтуынша, қамтамасыз етілген бақылау аясында бүгінде Техникалық реттеу және метрология комитеті жанындағы сараптамалық кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына ғалымдар, депуттар мен тұтынушылар лигасы кіреді.

«Қоғамдық бақылаудың маңызы зор. Біз сараптамалық зертхана сертификаты бойынша органдар қауымдастығын құруды көздеп отырмыз. Заң шеңберінде жұмыс істпейтін сертификаттау мен лабароториялаудың беделді органдары бар. Сол себепті тұтынушылар лигасымен бірігіп қоғамдық пікір қалыптастыратын боламыз», - дейді Б.Қанешев.





Яндекс.Метрика