Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев халықтың жағдайын көтеру мен дамыту арқылы мемлекет іргетасын нығайтудың маңызын түсінеді – Г.Мамеладзе

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрегенді және сындарлы саясаткер ретінде халықтың жағдайын көтеру мен дамыту арқылы мемлекет іргетасын нығайтудың маңызын түсінеді, дейді «Әзірбайжан Жаңалықтары» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры, Бакудегі Каспий Ынтымақтастығы институтының өкілі Гүлнара Мамеладзе.
Әлемде20 Ақпан , 12:15

«Бүгінде Қазақстан Орта Азия елдері ішінде құқық жағынан алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі. Каспий өңірінің белсенді қатысушысы, түркілік және еуразиялық интеграцияның маңызды тірегі, бірқатар өңірлік стратегиялық жобалардың қатысушысы, жаңа өркениетті орталықта маңызды орынға шығып келе жатқан мемлекет. Бұз өз кезегінде елге ауқымды тапсырмаларды жүктеп, бірқатар қатерлерге де бетпе-бет әкеледі. Осыған орай Н.Назарбаев халықтың жағдайын көтеру мен дамыту арқылы мемлекет іргетасын нығайтудың маңызын түсінеді», - дейді Гүлнара Мамеладзе.

Г.Мамеладзенің айтуынша, «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Н.Назарбаев ел алдына ауқымды міндеттер жүктеп, оған жету жолдарын да ұсынады.

«Өз Жолдауында Н.Назарбаев «30-50 жылдан кейін емес, жыл санап біз халықтың тұрмысын жақсартатын боламыз» дейді. Ал бұл әрбір қазақстандық үшін Ұлы Қазақстан идеясына аянбай еңбек етуге ынталандыра түседі. Ел болашағын тек старетгиялық жоспарлау ғана емес, сонымен қатар аталмыш істі қоғамның ішіне сіңіре білу де маңызды. Соған қарамастан, жұрттың ұғымындағы Қазақстан басшысы алға қойған мақсаттарды халықтың алдына, қоғамдық талқыға ұсына отырып қойған тапсырмаларын елдің жұмыла атқаруы биліктің монополиялығын көрсетпейді», - дейді Г.Мамеладзе.

Осы орайда Бакудегі Каспий Ынтымақтастығы институты өкілі барлық деңгейдегі пайдалы ұсыныстар мен тиісті сындарды салқынқандылықпен қабылдай отырып қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, шет елдік және жергілікті сарапшылардың қатысуымен «Қазақстан-2050» Стратегиясын Қоғамдық саясат институтында талқылаған билік партиясы «Нұр Отанның» еңбегін атап өтті.

«Сөзсіз, Қазақстан Президенті Жолдауы нақтылығымен ерекшеленіп, Үкімет өкілдері мен шенеуніктердің жұмысына жетекшілік ететін құжат болып табылады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімді бақылау механизмін құру мен кәсібилер тобының мобильденуіне жағдай жасайды. Мамандарға келер болсақ, Қазақстанда 10 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы арқылы көптеген жас талаптар шет елден білім алып келді», - дейді.

Г.Мамеладзенің мәліметінше, егер Қазақстан көрсетілген уақытта алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына ене алса, кейінгі 15-17 жыл Қазақстан үшін «мүмкіндіктер терезесіне» айналмақ». Қазақстан осы қарқынды даму жолында мүмкіндікті мүлт жібермесе, онда осы шиеленісті аймақ елдері үшін Қазақстан моделі үлгі болып қалмақ.

«Ақырындап жаңғыру жолына қадам басып бара жатқан ел ретінде Қазақстан барлық Орта Азия елдерінің бейнесін өзгерте алатындай қуатқа иелік ететін күшті мемлекет болуға барлық мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар Қазақстан қуаты мен оның инвестициялық бағытын қазірде өздері де толық түсіне алмай отыр. Н.Назарбаев Ресеймен бірігіп өңірде көшбасшылықты қолға алуға мүмкіндік беретін Еуразиялық интеграция идеясын ұсынып келеді. «Мүмкіндіктер терезесі» енді осы бағытта жылжитын болады», - деп түйіндеді Г. Мамеладзе.




Яндекс.Метрика