Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

РФ Мемлекеттік думасының депутаты: Бүгінде Қазақстаннан үйренеріміз көп

Посткеңестік кеңістіктегі ТМД елдерінің бір де бірінде Қазақстандағыдай ұзақ мерзімді Стратегия жоқ. Бұл жөнінде Президенттің Қазақстан халқына жаңа «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы бойынша пікірін білдіре отырып, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Олег Савченко мәлім етті.
Астана қаласы21 Желтоксан , 00:00

«Посткеңестік кеңістіктегі ТМД елдерінің бір де бірінде Қазақстандағыдай ұзақ мерзімді Стратегия жоқ. Ресейде жекелеген салалар бойынша 2030, 2040 жылдарға дейінгі стратегиялар бар. Жалпы, біз ресейліктер әзірге анықтаған жоқпыз, себебі, өкінішке орай, бір нәрсе жетіспейді. Қазақстан Республикасы басшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналығы мен ерік-жігері бүгінде сапалы серпіліс жасауға, Қазақстан таяудағы 50 жылда өмір сүретін міндеттерді, тезистер мен қағидаларды анықтауға мүмкіндік береді», - дейді Савченко.

Оның айтуынша, Ресейдің «Қазақстанның басымдықтары жөнінде білуі өте маңызды». 

«2050 саны бізге өз стратегиямыз бен сыртқы экономикалық саясатымызды дамытудың бағыттарын анықтауға өте үлкен артықшылықтар береді. Бүгінде бізде үшжақты келісім бар, ол бізге ашық және шын көңілмен әңімелесіп, жоспар құруға мүмкіндік береді, себебі Қазақстан Ресейдің стратегиялық серіктесі болып табылады. Қазір біз Кеден одағының құрамындамыз. Мұндай ұзақ мерзімді бағдарлама Қазақстанмен бірнеше онжылдыққа бұрын өзара қатынасымызды анықтауға мүмкіндік береді. Осындай мәселеге теңелу керек. Менің ойымша, бұл бағдарлама біздің халықтарымыздың дамуын анықтап береді. Бүгінде біздің Қазақстаннан үйренеріміз көп», - деп қорытындылады ол.




Дерекнама

Яндекс.Метрика