Өңірлер

2013 жылы ҚР-ның әділет органдары шамамен 3 мыңдай заңға қосымша акт өткізді

2013 жылы ҚР-да әділет органдары шамамен 3 мыңдай заңға қосымша акт өткізген. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Берік Имашев мәлімдеді.
Астана қаласы20 Ақпан , 11:40

«Есеп беру мерзімінде әділет органдары тарапынан шамамен 3 мыңдай заңға қосымша  акт өткізгені белгілі болды. Өкінішке қарай, әрбір екінші жоба қайта түзетуге жіберіліп отырған. Сонымен 3081 акттің 60 пайызы, соның ішінде 33 жобасы Конституция талабына сай келмейді деген сылтаумен қайта жетілдірілуге жіберілген. Ал 21 пайызы бір деңгейдегі нормативті-құқықтық актқа сай келмейтін болса, 46 пайызы заңнамалық техника нормаларына сай келмейді деген сылтауға ілінген», - дейді Б.Имашев.

Енді жағдайды реттеу мақсатында министрлік бастамасымен қабылданған заңдық үкіметтік емес ұйымдарды заң жобасындағы сараптау кезеңінде жұмыскерлерге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ондағы бағалау нормаларын төмендету мүмкіндігі қарастырылған.

«Мемлекеттік органдардың заңгерлік қызметтердің нормативтік жұмысы әлі де болса ары қарай жетілдіруді талап етеді. Осы орайда заңгерлік қызмет, мемлекеттік орган міндеттерін нормативті өзгерту ұсынылды. Сонымен қатар Әділет министрлігі тарапынан қайтарылған жобалар бойынша сараптама жүргізілмек», - деді министр.

Оның айтуынша, тиісті өзгерістер мемлекеттік органдардың заңнамалық қызметі туралы типтік ережелерге енгізілмек.




Яндекс.Метрика