Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Таразда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Таразда республика бойынша тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі азматтарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
Жамбыл20 Ақпан , 11:50

Жамбыл облысының әкімдігінде хабарлағандай, аталған іс-шара жұмысына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев қатысады деп жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге аймақтағы 30-дан аса кәсіпорын мен мекемелер қатысып, олардың тарапынан 222 бос жұмыс орындары ұсынылады. Жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі азаматтар бос жұмыс орындары бар кәсіпорындардың өкілдерімен тікелей әңгімелесу арқылы ұсынылатын жұмыс сипатымен, қызметкерге қойылатын жұмыс берушінің талаптарымен таныса отырып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. 

Бұл жәрмеңкеде мүгедектерге өздеріне лайықты жұмыс табуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс орындарын тиісті мамандармен жасақтауға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, мұнда келушілерге еңбек заңнамасы, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері, жұмыспен қамтудың белсенді түрлері бойынша ақыл-кеңестер  беріледі.

Сонымен бірге, жәрмеңке аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар жасаған  қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Елбасы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады», - деді Президент өз Жолдауында. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика