Евразиялық экономикалық кеңістік

Минскідегі ЕЭК отырысына қатысушылар ЕЭО туралы Келісімді даярлау мәселелерін талқылады

18-19 ақпан аралығында Минскте Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесі өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастап барды.
Әлемде20 Ақпан , 11:35

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлағандай, күн тәртібінде негізгі мәселе Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) туралы Келісім жобасын даярлау болды.

«Елбасыларының тапсырмасымен Келісім жобасы аясында біз серіктес мемлекеттермен бірге жұмыс істеу мәселелерін қарастырып, олардың барлық мемлекеттерге бірдей тиімді әрі қолайлы болуы мен интеграцияны одан әрі дамыту жолдарын қарастырдық», - деп Б.Сағынтаев Кеңес отырысы бойынша ағынан жарылды. 

Жалпы, тараптар сауда саясаты, техникалық реттеу, санитарлық-фитосанитарлық шаралар саласын қарады.

Сонымен қатар, келелі отырыста қаржы нарығының дамуының маңызды бағыттары, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында өндірістік және агроөндірістік кешен саласы бойынша мемлекеттер арасындағы қатынасты нығайту мәселесі де талқыланды.

«Жалпы, Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында алға қойған міндеттерге жету жолында үлкен қадам жасалды», - деп Б.Сағынтаев қорытындылады.

Келесі ЕЭО туралы Келісімді талқылау Астанада 3-4 наурызда өтеді.  




Яндекс.Метрика