Басқару

2014 жылы Қазақстанда 45 заң жобасын жасақтау жоспарланған - Әділет министрлігі

2014 жылы ҚР-да 45 заң жобасын жасақтау жоспарланған. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінде өткен кеңейтілген отырыста ведомство басшасы Берік Имашев хабарлады.
Астана қаласы20 Ақпан , 11:25

«Үкімет 2013 жылы 31 желтоқсанда 2014 жылдың заң жобалары жұмыс жоспарын бекітті. Онда 45 заңжобасын жасақтау қарастырылған. Осы ретте, министрлікте 5 жаңа заңды жасақтау көзделуде. Олар кәсіпкерлік көдексі және оған сәйкес заң жобасы. Сонымен қатар, құқықтық актілер мен бағалау қызметі бойынша заң жобасы», - деді Б. Имашев.

Оның айтуынша, Үкіметтің заң жобасы жұмсына  2013 жылы 39 заң жобасы кірді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 15%-ға артық. 

«Сонымен, Парламенттің қарауына  4 кодекске - қылмыстық, қылмыстық-процессуалды, қылмыстық-орындаушы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға өзгертулерді енгізу жіберілді», деп Б. Имашев ағынан жарылды.

Жалпы, оның айтуынша,  2013 жылдың жоспары толығымен орындалды. Бұған Үкіметпен Пармаленттің сындарлы тәртіп бойынша жұмысының арқасында  қол жеткізілді.

 

 

 




Яндекс.Метрика