Өңірлер

Алматы облысының әкімдігі мен АШМ нан бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандумға қол қойды

Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов жұмыс сапарымен Жетісу өңіріне келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен нан бағасының өсуіне жол бермеу туралы меморандумға қол қойды.
Алматы20 Ақпан , 11:05

Облыс әкімдігінде хабарлағандай,   аймақ  басшысы  меморандум  шарттарына  сәйкес Алматы облысына  ағымдағы  жылдың  наурыз  айынан  тамыздың  аяғына  дейін мемлекеттік  қордан  52,2  мың  тонна  азықтық  бидай  беру қарастырылғандығын,  оның 13,8 мың  тоннасы  шектеулі  бағамен, яғни  әр тоннасы  30,0 мың  теңгеден берілетіндігін,   қалған  көлемі  (38,4 мың тонна)  нақты  бағасымен  беріліп, сатып  алуға  кеткен  шығын  ішінара субсидияланатындығын да  тілге  тиек етті.

Айта кетейік, меморандумда  қарастырылған  шаралар  әлеуметтік  нан  мен 1-сұрыпты  ұнның  бағасын  тұрақтандыруға, сондай-ақ, мал өсірумен айналысатын  кәсіпорындар  мен жеке қосалқы  шаруашылықтарды арзандатылған  мал  азығымен (кебекпен) қамтамасыз  етуге  бағытталған.    

Облыс   әкімі Аңсар Тұрсынханұлы   бұл  қабылданған  шешімнің  маңызы  үлкен  екендігін,   Үкімет  тарапынан  жасалынып  жатқан  көмекті  халықтың игілігіне  ұтымды пайдалану  басты  міндет  болып  табылатындығын айтты. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика