Өңірлер

Үкіметтің қарауына Техникалық реттеуді дамытудың жаңа бағдарламасын 2014 жылы енгізу жоспарлануда - ИЖТМ

Қазақстан халқына Жолдауы аясында 2014 жылы техникалық реттеу жүйесін дамыту бойынша 2014-2017 жылдарға арналған жаңа бағдарламаны Үкіметке енгізу жоспарлануда, деп ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы 20 Ақпан, 10:37

««Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Елбасы халыққа Жолдауында 2050 жылға дейін еліміздегі өндірістік активтерді толығымен заманауи стандарттар деңгейінде жаңартуды тапсырды. Осы міндет аясында техникалық реттеу саласын жаңарту бойынша арнайы бағдарламаны жасақтау басталды, ол алдыңғы қатардағы стандарттау принциптеріне негізделген. Бұл дегеніңіз, экономика, өндіріс, салаларына жаңа талаптар мен жаңа еуропалық стандартарды енгізуіміз керек. Сонымен қатар, Қазақтанда жүзеге асырылады деп жоспарланған жобалардың барлығында қажетті нормативті база болады», - деп Б. Қанешев атап өтті.

Аталмыш бағдарламаны 2013 жылдың 25 желтоқсанында  Премьер-Министр қолдаған және оны жақын арада Үкіметтің қарауына жіберу жоспарлануда, деп  Б. Канешева хабарлады.

«Айта кетерлік жайт, бағдарламаның 4 жүйелік блогы бар. Бірінші блок -олар сәйкес техникалық реттеудің ішіне енгізілген техникалық регламенттер. Яғни, үдемелі иновациялық дамудың екінші бес жылдығына және аймақтарды дамыту үшін енгізілген жобалардың барлығы  заманауи талаптарға сәйкестігі туралы сараптамадан өту керек», - деп Б. Қанешев түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, техникалық реттеу бағдарламасы аясында ҮИИД -2 және аймақтың индустриалды жоспарлары жаңа технологиялар мен жаңа жобаларға негізделуі тиіс.  

«Осыған байланысты Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша аймақтарда әкім орынбасарларының басшылығымен техникалық реттеу штабы құрылды. Оған сәйкес техникалық реттеу департаменттері кірді. Олар заманауи тенденция призмасы арқылы сараптама жасайды.  Сондай-ақ, жобалар көшіріліп алдағы уақытта қайта хабарласу үшін қандай техникалық регламенттер қажет екені анықталады.

Бұл елімізде және Кедендік одақ кеңістігінде  жаңа өнімдер,  яғни біздің жұмыс жоспарымыз», - деп ол баса айтты.

 

 

 





Яндекс.Метрика