Инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанда 2013 жылы 9 мың шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтеді

Ағымдағы жылы Қазақстанда 9 мың шақырым автокөлік жолдарын жөндеу жоспарланған, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында.
Казахстан01 Сәуір , 00:00

«Ағымдағы жылы автожолшылар 9 мың шақырым республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлады», - деді А.Жұмағалиев. 

ККМ мәліметіне сүйенсек, «Бейнеу-Шетпе», «Семей-Қабалтау», «Көкшетау-Петропавл», «Қапшағай-Талдықорған» учаскелерінде құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, 2013 жылы «Астана-Теміртау» учаскесін және «Астана-Павлодар» автожолын 
қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарланған. 

«Автожол саласына келетін болсақ, өткен жылы 5,5 мың км республикалық және жергілікті маңыздағы жолдар жөндеу жұмыстарынан өткен болатын. Жол жағдайы 4%-ға жақсарған, бұл транзиттік тасымалдаудың 20 %-ға өсуін қамтамасыз етті», - деп толықтырды ККМ басшысы.




Яндекс.Метрика