Өңірлер

Алматы облысындағы «Нұр Отан» партиясының филиалы 2014 жылғы Жолдаудың тапсырмаларын анықтады

Күн тәртібінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асырудағы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының міндеттері» туралы Талдықорғанда партияның кеңесі өтті.
Алматы20 Ақпан , 10:05

Өз кезегінде аймақ басшысы Елбасы Жолдауындағы еліміздің даму жолына қатысты маңызды мәселелерге байланысты облыста атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Бүгінгі күнде азық-түлік қауіпсіздігі әлемдік проблемаларға айналуда. Сондықтан да ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланып, өнім өндіруді молайту қажет. Облыста шағын және орта бизнесті дамытуда кедергілер болмауы тиіс. Бұл бизнеске жаңа қадам басып келетін жас кәсіперлер үшін өте маңызды. Шағын бизнес отбасылық дәстүрмен жалғасын табатын кәсіп болуына ықпал ету керек,- деді Аңсар Мұсаханов.

Сондай-ақ, Жетісу жері туризмді дамытуға өте қолайлы өлке екендігін, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандырып, жаңғырту керектігін айтты.

Облыста жастар саясатын іске асыруға да барынша қолдау көрсетілуде. Айта кетейік, республика бойынша тек Алматы облысының аудан, қалаларында жастар саясатымен айналысатын жастар ресурстық орталықтары құрылды. Бүгінде онда 68 маман жұмыс істеуде. Сондай-ақ, ауылдық округтерде жастар саясаты бойынша 235 штаттық бірлікте нұсқаушылар берілген. Алдағы уақытта жастарға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және арнайы бағдарламалар бойынша кеңес беретін қызмет көрсету орталығын ашу да жоспарлануда.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылданды.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика