Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Назарбаев Университетінің жанынан Геологиялық барлау орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды – ИЖТМ

Бүгін Астанада «Қазгеология» АҚ мен Назарбаев Университеті арасында Қазақстанның геологиялық барлау орталығын ашу туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы20 Ақпан , 09:35

«Геологиялық кластер білім беру, ғылым мен геологиялық өнеркәсіптік саланы біріктіретін байланыс болып есептеледі. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық саланы дамытуға тапсырма берген болатын, бұл экономика секторының негізгі бағыттарының бірі», - деді Президент көмекшісі Ербол Орынбаев.

Келісілген меморандумның мақсаты – Геологиялық орталық құру аясында геологиялық зерттеу, геохимиялық, минерологиялық, тәжірибелік- өндірістік, тәжірибелік, көмірқышқыл су шикізаты, қатты пайдалы қазбаларды, оның ішінде шетел пайдалы қазбаларын қолдану аясында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Қазіргі таңда Назарбаев Университетінде кешенді геологиялық пайдалы қазбаларды қолдану бағдарламасы құрастырылуда.

Сондай-ақ, геологиялылық негізгі элементтерді құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

«Бүгінгі қол қою бізге үлкен тереңдікте геологиялық зерттеулер айналысуға тура келетіндіктен  стратегиялық маңызы зор. Бізге бұған дейін Қазақстанда қолданылмаған технология мен мамандар керек. Олсыз геологияның кең ауқымда дамуы мүмкін емес», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - индустря және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, бұл өз кезегінде елімізде геологиялық материалдарды зерттеу арқылы қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Айта кетерлік жайт, аталмыш жоба Елбасының елімізде геологиялық кластерді дамыту бойынша берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. 

Бұған дейін хабарлағандай, «Назарбаев Университеті» ААҚ жанынан Инновациялық-интеллектуалды кластер құрылуда, оның негізі Ғьлыми парк болып табылады. 

Ғылимы орталықтың зәкірлі жобасы Геологиялық кластер. Оның құрамына Тау ісі мектебі, Жер ғылымы мектебімен бірлесіп Колорадалық Тау ісі мектебі кіреді. 




Яндекс.Метрика