Инфрақұрылымның дамуы

Оралда жаңа алаң ашылады

Жақын арада Оралда жаңа демалу орындары бар жаңа қалалық алаңның құрылысы басталады. Ол бесінші және жетінші шағын аудандардың ортасында орналасады.
Батыс Қазақстан20 Ақпан , 09:45

Қалалық әкімдіктен  хабарлағандай, құрылысқа республикалық бюджет қаржысын тарту жоспарланған. Болжам бойынша БҚО әкімшілік орталығын осында көшіріледі. Мұнда әкімдік  пен ірі компаниялардың ғимараттары салынады.

«Қала дамып келеді. Жаңа шағын аудандарда жаңа биік нысандар салынуда. Дәл осы жерде жаңа алаңды салу жоспарланған. Ол 7 га жерді алатын болады. Жоба құны - 1,5 млрд. теңге. Жаңа алаңда Қадыр Мырза Әли атындағы Өнер сарайы салынады.

Сондай-ақ, мұнда Салтанат қақпасы, стелла мен су бұрқақтарда тұрғызылады.  Осы жылы мердігерді анықтау үшін байқау жарияланады. Нысан ауыспалы. Құрылыс жұмыстары 2015 жылы аяқтау жоспарланған», - деп қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Малик Еснияз ағынан жарылды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика