Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қаржы полициясының бағыты – жемқорлыққа қарсы күрес – А. Есқараев

2014 жылғы Жолдауда жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламаны жалғастыру және құрастыру айтылған болатын. Бұл туралы Экономикалық сыбайлас жемқорлықпен күрес ұйымдастыру-қадағалау департамент-инспекциясының бастығы Азамат Есқараев хабарлады.
Астана қаласы20 Ақпан , 09:25

«Елбасының 2014 жылдың 17 қаңтарында айтылған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы – бұл ұзақмерзімді жетістікке жетудің стратегиялық жоспары. Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары көрсетіліп, нақты тапсырмалар қойылды. Олардың жүзеге асуы азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз етіп, деңгейін көтереді», - деді А. Есқараев.

Департамент басшысы атап өткендей, Мемлекет басшысының қойған негізгі тапсырмаларының бірі мемлекеттік орган қызметінің жетілуі, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметін жаңғырту жайы қаралады.

«Аталмыш бағытта негізгі индикатор құқық қорғау органдарының жұмыс сапасы мен халықтың билікке бағынуы болып есептеледі. Жолдауда айтылған жемқорлыққа қарсы жүйені дамыту мен құрастыру қаржы полициясы органдарының негізгі жұмысына айналып отыр», - деді А. Есқараев.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика