G-global

«Самұрық-Қазына» АҚ сарапшылар қауымдастығымен корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесіндегі соңғы үдерістерді талқылайды

«Самұрық-Қазына» АҚ 2014 жылғы мамырда жоспарланған VII Астана экономикалық форумы мен ІІ Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция аясында «Корпоративтік басқару және қосымша құн» панельдік сессиясын өткізуге бастамашылық жасап отыр.
Астана қаласы20 Ақпан , 09:15

Мемлекеттік активтерді басқару бойынша әлемдегі ірі холдингтердің бірі болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры,  компаниялардың бәсекелестігі мен тиімділігін арттырудың маңызды факторы ретінде, корпоративтік басқарудың сапасына айырықша көңіл бөледі. Озық әлемдік тәжірибеге сай келетін корпоративтік басқару инвесторлардың қызығушылығын арттырып, қарыз капиталының мөлшерін төмендетеді, компаниялардың ұзақмерзімді құнын арттырады.

Мемлекет басшысының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қағидалары мен стандарттарын енгізу туралы міндеттемесі тұрғысында халықаралық ұйымдар, консалтингтік компаниялар сарапшылары мен Қазақстанның мемлекеттік және жеке секторындағы өкілдердің пікір алмасуы тіптен маңызды болып отыр.      

Панельдік сессия барысында Қазақстан мен әлемдегі корпоративтік басқарудың соңғы трендтерін зерделеп, үздік әлемдік стандарттарды қазақстандық тәжірибеге енгізу үшін ұсыныстар даярлау көзделген.

Сондай-ақ, сессияға қатысушылар отандық компаниялардың әлеуетін, инвестициялық тартымдылығын, ұзақмерзімді құнын арттыру үшін әлемдік корпоративтік басқарудың озық үлгісін ұсынып, жаңа, оңтайлы бастамалар көтереді деп күтілуде.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика