Өңірлер

Алматыдағы әлеуметтік нан бағасы өзгермейді

Алматыдағы әлеуметтік нан бағасы өзгермейді - егер зауыттан шыққан нан 56 теңге тұрса, көтерме сауда да оның құны 60 теңгедан аспайды.
Алматы қаласы20 Ақпан , 09:10

Алматы қаласы әкімдігінен хабарлағандай, Алматы әкімдігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, ұн тарту және  нан пісіру өнеркәсіптері бірлесіп осындай қағида енгізілген  меморандумға қол қойды.

Алматы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов,  әлеуметтік нан бағасы бізде бірнеше жыл қатарынан өзгермей келеді, деп атап өтті. Сонымен қатар, теңге бағамы түзеттілгеннен кейінде бидайдың бекітілген баға дәлізі сол қалпында қалады. Біздің бидай қорымыз мол, ол келесі жаңа егін түсіміне дейін жетеді, деп Е.Шорманов баса айтты.

Бұдан басқа, келелі кеңесте «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ бидай өндейтін компанияларға босату бағасын хабарлады,  1 тонна бидай 30 мың теңге.  




Яндекс.Метрика