Атаулы әлеуметтік қолдау

«Даму-Көмек»: Талдықорғанда демеушілер мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге ноутбуктар тапсырды

«Даму-Көмек» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бағдарламасының арқасында Алматы облысының мүгедек кәсіпкерлері өз бизнестерін ашып, дамыта алады.
Алматы21 Желтоксан , 00:00

Алматы облысында әлеуметтік бизнесті дамытуға үлес қосып жүрген Hyundai Auto Truck & Bus компаниясы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша демеуші болды. Талдықорғандағы «Даму» қорының аймақтық бөлімшесінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсетілді. Қазіргі заманғы сапалы ноутбуктерге Есболған Садақбаев (1 топтағы мүгедек), Владимир Воробьев (1 топтағы мүгедек), Меруерт Абалғазина (3 топтағы мүгедек) ие болды.

Бұл адамдар мүмкіндігі шектеулі жастарды компьютерлік сауаттылыққа, ағылшын тіліне үйретумен айналысады. Тапсырыс бойынша жұмыс істейді. 

Еске сала кетсек, 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысында демеушілер «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 52 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге демеушілік қолдау көрсетті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика