Инвестициялар

2013 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы инвестиция көлемі жағынан үшінші орында

Облыс экономикасына есепті жылы жарты триллионға жуық (496,2 млрд. теңге) инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы көлемінен 11,9% артық.
Ақтөбе19 Ақпан , 17:45

«Инвестиция көлемі бойынша облыс аймақтар арасында Атырау облысы мен Астана қаласынан кейінгі үшінші орынды иеленді.Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 127,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы деңгейден 100,3%. Өсімдік шаруашылығы саласының нақты көлем индексі 110,2%, ал мал шар-уашылығы 95,9 % құрады», - облыс әкімдігінде хабарлады.

Шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтындар саны 12,6% өсіп, 120,2 мың адамды құрады. Олар 431,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарды, бұл өткен жылғы деңгейден 3,3% артық. Осының нәтижесінде бюджетке салық және басқа да төлемдердің түсу көлемі 7,3%ұлғайды (115,6 млрд. теңге).

Бөлшек тауар айналымының нақты көлем индексі 110,8% жетті. Барлығы 335,7 млрд. теңгеге тауар өткізілді.

«Шоғырланған бюджетке (Ұлттық қормен қоса алғанда) түскен салықтар мен басқа төлемдер 614,5 млрд. теңгені құрады немесе болжамға 102,7% құрайды: оның ішінде республикалық бюджет- 182,7 млрд. теңге, жергілікті бюджет - 75,0 млрд. теңге. 2013 жылы Ұлттық қорға 356,7 млрд. теңге жіберілді», - деп хабарлады әкімдікте.

Инфляция деңгейі 4,5% құрады немесе орташа республика бойынша 0,3 % төмен.

 




Яндекс.Метрика