2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» қозғалысы еліміздің әр өңірінің жұртшылығымен кездесу өткізеді

ҚР-да «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының көшбасшылары Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу өткізді. Аталмыш шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясы, ҮЕҰ, бизнес өкілдері, жастар, сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік саласында еңбек ететін қызметкерлер қатысты. Кездесу барысында «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру және «Мәңгілік Ел» Патроиттық Актісін жасақтау мәселелері талқыланды.
Казахстан19 Ақпан , 16:50

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні  «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халықтар ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен біріге отырып (ары қарай - Қозғалыс), «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін өңдеу және қабылдауды тапсырды. 

Қарағанды облысы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы өкілдерінің жаңадан жасақталатын Патриоттық актіге ұсыныстар топтамасын жинауды бастаған бірінші қазақстандық аймақ. Қозғалыс көшбасшылары Қарағандыдан Қостанай облысына аттанады. Қозғалыс белсенділері наурыз айының соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде осындай кездесулер өткізуді жоспарлауда.

«Өңірлерге шығу арқылы біз бірнеше мақсатты алдыға қойып отырмыз. Біріншіден, өңір тұрғындарының қандай мәселе толғандырып, олар үшін не маңызды екендіктерін өз ауыздарынан естуге бұл жақсы мүмкіндік.  Екіншіден, мұнда біз өткізетін ашық пікірталастар азаматтарға Стратегияның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрине, мұндай іс-сапарлар «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне қандай да бір құндылықтарды енгізу барысында өңір тұрғындарының ой-пікірлерін ескеруге бізге жақсы көмектеседі.  Тұрғындар көп сұрақ қоюда. Оларды  расымен елімізді қандай болашақ күтіп тұрғандығы мен қандай мемлекет құрып жатқандығымыз қызықтырады. Бұл қуантады», - деп атап өтті Қозғалыс Кеңесінің Төрағасы Данат Жұмин.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика